Бұл жұмыста мектеп математика курсында қарастырылмайтын стандартты емес күрделі есептерді бірнеше жолмен шешу тәсілдері қарастырылған. Есеп шығару математиканы игерудің ең жоғары продуктивтік формасы және де бұл процесс математикадан өткізілетін барлық кластан тыс жұмыстардың қажетті компоненті болуы керек. Математикалық олимпиадалық есептер әдетте біршама зеректікке, біліктілікке есеп шешудің өзіндік стандарт емес әдістерін табуға көмектеседі. Басты мақсат қиындығы жоғары есептерді шешу оқушылардың дамуында ерекше рөл атқарады. Оларға материалды саналы меңгеруге әрі терең түсінуге көмектеседі. Берілген жағдайды талдай білу, мәліметтерді салыстыра білу және мәліметтерді іздеу, осы жағдайдың жасырын қасиеттерін анықтау, есептерді шешу үшін пайдалы ақпаратты синтездеу, есептерді шешу үшін ғана емес,олардың оқушыларға қажетті дағдыларды қалыптастыруы үшін керек. Орта мектеп бағдарламасында терең қарастырылмаған натурал сандардың бөлінгіштік белгілеріне,санның қарапайым жіктелуіне, пропорцияға, анықталмаған теңдеулер түсінігіне және Эвклид алгоритміне байланысты тақырыптарға күрделі есептер қарастырылды.
ЭЛЕМЕНТАР МАТЕМАТИКАДАН ҚИЫНДЫҒЫ ЖОҒАРЫ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ ӘДІСТЕРІ
Жарияланған December 2020
248
372
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Ералиев, С. і Бердіахмет, И. 2020. ЭЛЕМЕНТАР МАТЕМАТИКАДАН ҚИЫНДЫҒЫ ЖОҒАРЫ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ ӘДІСТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 72, 4 (Груд 2020), 17–22. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7901.02.