Мақалада, ғылым әлемінде «Құлбек сақиналары»-деген атпен белгілі болып отырған золокерамикалық
материалдардағы жаңа көлемдік-беттік концентрлі-зоналық түрлі-түсті жолақтардың химиялық құрамын зерттеу
нәтижелері келтірілген. Зерттеу нысаны ретінде Екібастұз көмірін жағудан бөлінетін күл қалдығы негізінде
дайындалған үлгіде орын алатын «Құлбек сақиналары» құбылысының бір нұсқасы алынды. Тәжірибе жұмыстары
рентгенфлуоресценциялық зерттеу (РФА) әдісімен арнайы зертханалық қондырғыда жүргізілді. «Құлбек
сақиналары» құбылысындағы концентрлі-зоналық түрлі-түсті бояулық жолақтар керамикалық цилиндрлік
үлгілердің қима бетінің центріне қатысты қатаң симметриялық жағдайда орналасқан. Осыған байланысты түрлітүсті жолақтардың химиялық құрамында да симметриялық, яғни біртектілік байқала ма? – деген мәселеге негізгі
көңіл аударылды. Зерттеу барысында тәжірибе жүзінде алынған РФА спектрлерін талдау барысында үлгідегі
түрлі-түсті жолақтардың химиялық құрамында да симметрияның (біртектіліктің) орын алатындығы анықталды.
ЗОЛОКЕРАМИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДА АНЫҚТАЛҒАН ЖАҢА КОНЦЕНТРЛІ-ЗОНАЛЫҚ ТҮРЛІ-ТҮСТІ БОЯУЛЫҚ ЖОЛАҚТАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ
Жарияланған September 2020
114
129
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Құлбек, М., Баймолда, Д. і Айтан, Н. 2020. ЗОЛОКЕРАМИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДА АНЫҚТАЛҒАН ЖАҢА КОНЦЕНТРЛІ-ЗОНАЛЫҚ ТҮРЛІ-ТҮСТІ БОЯУЛЫҚ ЖОЛАҚТАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 71, 3 (Вер 2020), 123–127. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-3.1728-7901.17.