Сымсыз құрылғылардың өсуімен ұялы желіге қойылатын талаптар артып келеді. Бізді қоршаған ортадағы ақпараттың үлкен ағымына байланысты тез әрекет ететін, шуылға төзімді, іске асыруға оңай және үнемді ақпараттық деректерді қабылдау мен беру құрылғыларын құру өзекті болып табылады. Жоғары жылдамдықты, кең жолақты радио модульдерін жасау үшін бағдарламаланатын логикалық интегралды схемалар ең қолайлы жабдық болып табылады. Параллельді есептеу мүмкіндігі және осы сандық құрылғылардағы көптеген логикалық ұяшықтар бүкіл жабдықтың салыстырмалы түрде үлкен өнімділігін береді. Сонымен қатар, интегралды микропроцессор ең жоғары өнімді телекоммуникациялық жабдықты жасауға мүмкіндік береді. Осылайша, нақты уақыт режимінде түсетін ақпараттық деректердің үлкен көлемін өңдеу кезінде уақыттың кідірісін болдырмауға болады. Бұл жұмыста SoC (System on a chip) негізінде QPSK (Quadrature phase-shift keying) сигналдарын қабылдағыш қондырғысы әзірленді. Zedboard тақтасы мен RF ad-FMCOMMS3-EBZ платформасымен өзара әрекеттесу үшін таратқыш пен қабылдағыштың QPSK модельдері қолданылды. Құрылған цифрлық радиожүйе моделі қазіргі телекоммуникациялық технологияның радио модуліне сәйкес келетін микросхемадағы жүйенің көмегімен көрсетіледі.
ZYNQ ЖӘНЕ MATLAB НЕГІЗІНДЕ QPSK БАҒДАРЛАМАЛЫҚ-АҚПАРАТТЫҚ ІСКЕ ҚОСУ
Жарияланған March 2022
122
175
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Скабылов, А., Ибраимов, М., Жексебай, Д. і Кожагулов, Е. 2022. ZYNQ ЖӘНЕ MATLAB НЕГІЗІНДЕ QPSK БАҒДАРЛАМАЛЫҚ-АҚПАРАТТЫҚ ІСКЕ ҚОСУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 77, 1 (Бер 2022), 146–150. DOI:https://doi.org/10.51889/2022-1.1728-7901.20.