Қызметкерлерді жоғарылату адам ресурстарын басқару процесінің маңызды аспектісі болып табылады. Сондықтан қызметкердің қазіргі және бұрынғы рейтингіне сәкес қызметкерді жоғарылату туралы дұрыс шешім қабылдау өте маңызды. Осы мақсатта әртүрлі машиналық оқыту алгоритмдерін қолдана отырып, қызметкерлердің өсуін болжау моделдерін құру мақсатында зерттеу жүргізілді. Бұл зерттеуде градиентті бустинг классификаторы, кездейсоқ орман классификаторы және Keras нейрондық желісі арқылы модельденген деректер жиынтығы бойынша эксперименттер орындалды. Күрделі бағалау процесі арқылы қызметкерлердің көтерілуін болжауға арналған машиналық оқыту алгоритмдерінің тиімділігі метрикалық бағалау алгоритмдері арқылы талданды. Зерттеуде алгоритмдерді оқыту мақсатында қолданылған мәліметтер базасы ретінде модельденген қызметкерлер деректері пайдаланылады. Зерттеу барысында модельдердің болжам нәтижелерін көрсету үшін веб-қосымша әзірленді.
МАШИНАЛЫҚ ОҚЫТУ АЛГОРИТМДЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ РЕЙТИНГІ НЕГІЗІНДЕ ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ БОЙЫНША ЖОҒАРЫЛУЫН БОЛЖАУ
Жарияланған March 2022
359
372
Аңдатпа
Тіл
English
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Zhanuzakov, M. і Balakaeva, G. 2022. МАШИНАЛЫҚ ОҚЫТУ АЛГОРИТМДЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ РЕЙТИНГІ НЕГІЗІНДЕ ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ БОЙЫНША ЖОҒАРЫЛУЫН БОЛЖАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 77, 1 (Бер 2022), 106–111. DOI:https://doi.org/10.51889/2022-1.1728-7901.14.