Бұл мақалада білім беру саласында виртуалды және толықтырылған шындықты қолдану бойынша зерттеу нәтижелері келтірілген. Виртуалды шындық адам мен компьютердің өзара әрекеттесуінің басқа әдістерінен ерекшеленеді, атап айтқанда 3D графика, панорамалық бейне жүйелер, заманауи аудио жүйелер, стереооптикалық эффекттер мен сенсорлық бергіш көмегімен адамның басқа орта немесе шындыққа толық енуді сезіну мүмкін болады. VR және AR - бұл ақпаратты жіберудегі сенсорлық әдістің үлкен техникалық алға жылжу болып табылады. Білім беруде зерттелетін технологиялар оқытудың инновациялық ортасы ретінде қарастырылады. Виртуалды шындық негізінде оқыту білімді көрнекі түрде беруге мүмкіндік береді, ал нақты жағдайда білімді оқушыларға жеткізу күрделі немесе мүмкін емес болып табылады. Зерттеу барысында VR гарнитураның бірнеше түрі қолданылды: HTC, Oculus және Samsung көзілдірігі. Мақалада сонымен қатар сату статистикасы, VR жабдықтарының техникалық мүмкіндіктері көрсетілген. Сонымен қатар АТ (ақпараттық технология) мамандарының виртуалды шындықты білім беруде қолдану туралы көзқарасының сауалнамаларының нәтижесі қарастырылған.
БІЛІМ БЕРУДЕГІ ВИРТУАЛДЫ ЖӘНЕ КЕҢЕЙТІЛГЕН ШЫНДЫҚ: ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ
Жарияланған March 2022
661
337
Аңдатпа
Тіл
English
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Mukasheva, M., Baiburin, A., Sarsimbayeva, S. і Mukhiyadin , A. 2022. БІЛІМ БЕРУДЕГІ ВИРТУАЛДЫ ЖӘНЕ КЕҢЕЙТІЛГЕН ШЫНДЫҚ: ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 77, 1 (Бер 2022), 247–255. DOI:https://doi.org/10.51889/2022-1.1728-7901.33.