Мақалада оқушыларға арналған робототехника жинағына (әлеуметтік емес роботтар), қолданыстағы робототехника құралдарына жүйелі және тақырыптық шолу жүргізілді. Яғни, робототехника жинағының негізгі қолданылу ортасы, ерекшеліктері және маңыздылығы талқыланады. Робот-конструктор жинақтарының түрлері мен жинақтың қандай бөлшектерден тұратыны туралы нақты айтылған. Сонымен қатар, робототехника бойынша оқу бағдарламаларын жобалау және енгізу оқушылардың робототехника біліміне қатысуын талдау үшін конструктивтік тәсілдерді қолданғанын зерттейді. Робот-конструктор жинақтарынан қандай робот құрастыруға болатындығы көрсетілген. Робот-конструктор жинақтарының оқушының қызығушылығы мен қабілетінің дамуына ықпалы бар екенің көрсетеді. Зерттеу нәтижелері бойынша, робототехника білімін информатикаға қатысты анықтап, робототехника арқылы дамытатын білім, білік және робототехника жинақтарын нақтылауды ұсынады. Сонымен қатар, робот-конструктор жинақтарының сапасына, бөлшектердің көлеміне, олармен жұмыс жасау қауіпсіздігіне байланысты таңдау керек екенің ұсынады. Жалпы мақала робот-конструкторларының түрлеріне байланысты оқушының жас ерекшеліктерін, қызығушылық бағытын ескеру керек деген қорытындыға келеді. Осы мақсатта бұл зерттеу оқушылардың робототехниканы түсіну үшін олардың түрлерін, пайдалану ортасын, өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, оқушылардың конструкторлық қабілетін, кәсіптік білімін, инженерлік - техникалық ғылымдарға деген қызығушылығын дамытуды ұсынады.
ОҚУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ҮШІН РОБОТ - КОНСТРУКТОР ЖИНАҚТАРЫНА САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
Жарияланған March 2022
168
302
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Кенесбаев, С. і Шайкен, А. 2022. ОҚУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ҮШІН РОБОТ - КОНСТРУКТОР ЖИНАҚТАРЫНА САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 77, 1 (Бер 2022), 232–239. DOI:https://doi.org/10.51889/2022-1.1728-7901.31.