Ақпарат теориясының негізгі әдістеріне кодтау және декодтау жатады. Мәліметтерді қодтау мынандай үш мәселені шешеді: хабарламаларды құпияландыру; ақпаратты тығыздау (сжатие информации); хабарламалардағы кездейсоқ қателерді табу және түзету. Жұмыста кодтау теориясының бір мәселесі ақпараттарды тығыздау процедурасы жан-жақты қарастырылған. Ақпараттарды тығыздауда қолданылған ең алғашқы кодтық таңбалар – Морзе әліппесі қарастырылған; Бодо және Фано кодтарының ерекшеліктері ашылған. Сонымен қатар, қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді кодтау мүмкіндіктері зерттелген. Қазақ тіліндегі мәтіндер зерттеліп, сөздерді құрайтын әріптер, граматикалық таңбалар және цифрлардың мәтінде кездесу жиілігі табылған. Қазақ тілінде берілген хабарламалардағы «артық» ақпараттар мөлшері есептеліп, шамасы нақты анықталды.
АҚПАРАТТАРДЫ ТАСЫМАЛДАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ КОДТАУ ТЕОРИЯСЫНЫҢ РӨЛІ ЖӘНЕ ОРНЫ
Жарияланған March 2022
153
93
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Турдина, А., Семенов, А., Мубараков, А. і Керимбаев, А. 2022. АҚПАРАТТАРДЫ ТАСЫМАЛДАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ КОДТАУ ТЕОРИЯСЫНЫҢ РӨЛІ ЖӘНЕ ОРНЫ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 77, 1 (Бер 2022), 151–157. DOI:https://doi.org/10.51889/2022-1.1728-7901.21.