Көптеген медициналық тіркеу құрылғылары жасаған жарықтылық функциясының сызықты емес болуынан медициналық бейненің сапасы нашарлап, дәрігерлердің визуалды зерттеу жұмысында қиындықтар туғызады. Мысал ретінде рентген суреттерін алуға болады. Мақалада графикалық бейнелердің контрастын арттыру, дербес жағдайда рентген суреттерінің сапасын жақсарту әдістері зерттелген. Зерттеулер бірнеше кезеңде жүргізілді. MATLAB жүйесінің Imadjust функциясы арқылы ең жақсы кескін жарықтығын таңдау мақсатында бірнеше ондаған рентген бейнелерінің контрастын арттыру әрекеттері орындалды. Тәжірибелер орындау кезінде контрасттың жоғарылауы байқалды, нәтижесінде контрасттың визуалды жақсаруына сәйкес болатын жарықтылық диапазоны таңдалды. Таңдалған кескін жарықтығының диапазоны үшін γ айнымалы мәндерін таңдау орындалды. Жақсырақ нәтиже алу үшін алдымен рентген суретінің гистограммасын туралау әдісі қолданылды. Түрлендіру нәтижелерін сандық бағалау үшін эталондық кескіндерді пайдаланбайтын niqe және brisque бағалау функциялары қолданылады.
РЕНТГЕН СУРЕТТЕРІНІҢ КОНТРАСТЫН ГАММА-ТҮЗЕТУ НЕГІЗІНДЕ АРТТЫРУ
Жарияланған March 2022
339
89
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Омарова, Г. і Старовойтов, В. 2022. РЕНТГЕН СУРЕТТЕРІНІҢ КОНТРАСТЫН ГАММА-ТҮЗЕТУ НЕГІЗІНДЕ АРТТЫРУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 77, 1 (Бер 2022), 132–138. DOI:https://doi.org/10.51889/2022-1.1728-7901.18.