Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ

Жарияланған March 2022

201

121

Г.Г. Ғазиз+
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
E.Ы. Бидайбеков+
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
С.Н. Конева+

Аңдатпа

Бұл мақалада жоғарғы оқу орындарында Windows-қа балама бола алатын операциялық жүйелер қарастырылады.

Жұмыста Chrome OS, ROSA Education Desktop, Mandriva сияқты түрлі операциялық жүйелердің салыстырмалы талдауы келесі критерийлер бойынша ұсынылған: техникалық талаптар, арнайы бағдарламалардың болуы, пайдаланудың қарапайымдылығы, сенімділігі, тарату шарттары.

Оқу үрдісі студенттердің өзіндік жұмысын, оқытушылармен қашықтықтан оқытуды арттыруды көздейді. Ол үшін қашықтықтан оқыту жүйесінің сапасы мен тиімділігін жақсарту үшін қолданыстағы компьютерлік жүйелерді жетілдіру қажет. Ұсынылған операциялық жүйелер техникалық талаптар мен сенімділікке ғана емес, сонымен қатар оқу орындарын компьютерлендіруге шығындарды азайту үшін қол жетімді бағаға ие болуы керек.

Операциялық жүйелердің қызметтеріне талдау жасау және дербес компьютер мен смартфондарға ең  танымалысын анықтау мақсатында студенттер арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 158 студент қатысып, өз ойларымен бөлісті. Сауалнама нәтижелері диаграмма, гистограмма ретінде бейнеленіп, талдау жасалды.

.pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Ғазиз, Г., Бидайбеков E. і Конева, С. 2022. БІЛІМ БЕРУДЕГІ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 77, 1 (Бер 2022), 214–223. DOI:https://doi.org/10.51889/2022-1.1728-7901.29.