Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

ДИФРАКЦИЯ ЖӘНЕ ИНТЕРФЕРЕНЦИЯ ҚҰБЫЛЫСТАРЫН КОМПЬЮТЕРЛІК МОДЕЛЬДЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жарияланған March 2022

453

165

Е.А. Нысанов+
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан
С.Д. Куракбаева+
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Ж.С. Кемельбекова+
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
С.Е. Кожабаев+
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
А.У. Корокбаев+
А.Куатбеков атындағы халықтар достығы университеті
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
А.Куатбеков атындағы халықтар достығы университеті
Аңдатпа

      Мақалада дифракция және интерференция құбылыстарын компьютерлік модельдеу ерекшеліктері қарастырылған. Mathcad түрлі оптикалық құбылыстарды модельдеу және визуализациялау үшін өте қолайлы. Бұл құбылыстарға саңылаудағы дифракция жатады. Дифракция құбылысы жақсы зерттелген және оны сипаттайтын формулалар физиканың  оптика бөлімінде келтірілген. Осы формулаларды пайдалана отырып, дифракцияның көрнекі моделі алдымен екі өлшемді жағдай үшін құрылған. Осы модель негізінде саңылау қимасында жарықтандыру қарқындылығының өзгеруін айқын көрсете алатын график салынған. Дифракция құбылысының визуализация деңгейі үш өлшемді жағдайға арттырылған және график түрінде бейнеленген. Қабылданған жорамалдар бойынша жазықтықта көрсетілген жарықтың қарқындылық қисық сызығы кеңістіктегі беттің кез-келген қимасында орынды болады, және жарықтандыру қарқындылығы беттің биіктігімен сипатталады. Басқаша айтқанда, жарықтың қарқындылығы саңылау қимасының ұзындығы бойынша тұрақты, ал саңылау шеттеріндегі шеткі әсерлер құрылған модель шеңберінде есепке алынбайды. Біз шағын тесік арқылы шығатын жарықты бақылай отырып, Ньютон сақиналары деп аталатын интерференция сақиналарын көреміз. Жарықтың қарқындылығы сақинаның ортасында максимал екенін және одан аластаған сайын тербелісті сезінетінін ескеру қиын емес.

.pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Нысанов, Е., Куракбаева, С., Кемельбекова, Ж., Кожабаев, С. і Корокбаев, А. 2022. ДИФРАКЦИЯ ЖӘНЕ ИНТЕРФЕРЕНЦИЯ ҚҰБЫЛЫСТАРЫН КОМПЬЮТЕРЛІК МОДЕЛЬДЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 77, 1 (Бер 2022), 127–131. DOI:https://doi.org/10.51889/2022-1.1728-7901.17.