Мектептегі физика курсының мазмұнын қоршаған әлем туралы білім жүйесі болып табылатын физика
ғылымының негіздері құрайды. Жалпы ұғымдарды, принциптерді, физика гипотезаларын қамтитын және оның
дамуының белгілі бір кезеңін сипаттайтын табиғаттың нақты моделі әлемнің физикалық бейнесі деп аталады.
Ғылыми физикалық теорияның мәні, ұғымдар, заңдар, теориялар белгілі бір құбылысты түсіндіруде және
сипаттауда нақты білімнің қайнар көзі болып табылады. Негізгі мектептің физика курсы-бұл физикалық
құбылыстарды (механикалық, жылу, электр, электромагниттік, жарық) және физикалық заңдылықтарды
зерттейтін курс; оқу материалы заттардың қозғалыс түрлерінің күрделену ретімен курста орын алған физикалық
құбылыстардың айналасында топтастырылған. Негізгі мектептің физика курсы мүмкіндігінше аяқталған болуы
керек және физика курсының барлық бөлімдерінің негізгі материалдарын қамтуы тиіс.
МЕКТЕП ФИЗИКА КУРСЫНДАҒЫ ТЕОРИЯЛАР
Жарияланған September 2020
126
134
Аңдатпа
Тіл
English
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Nurbaeva, D., Yerzhenbek, B. , Nurmukhamedova, Z. і Nasirova, D. 2020. МЕКТЕП ФИЗИКА КУРСЫНДАҒЫ ТЕОРИЯЛАР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 71, 3 (Вер 2020), 133–138. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-3.1728-7901.19.