Аталған жұмыста кластерлік модель аясында қысқа мерзімде өмір сүретін 8Be ядросының түзілуімен екі альфа-альфа бөлшектің серпімді соқтығысу реакциясын есептеу үшін екі нуклон-нуклондық потенциал пайдаланылды. Сонымен қатар, теориялық талдау мен көрсетілген проблеманы шешуде кластерлік модель әдісі қолданылды. Осындай модельдердің бірі ол - микроскопиялық кластерлік модель немесе резонациялайтын топтар әдісінің алгебралық нұсқасы (РТӘАН) әдісі ретінде танымал модель, бұл проблеманы жаңаша зерттеуге және резонанстық күйлер туралы мағлұматтар алуға мүмкіндік береді. Бұл әдістің артықшылығы Паули принципін, сонымен қатар өзара әрекеттесетін кластерлердің ішкі құрылымын ескеруі болып табылады. Бұл мәселені зерттеу үшін екі жартылай шынайы нуклон-нуклондық потенциал: модификацияланған Хасегава-Нагата потенциалы және Волков потенциалының екінші нұсқасы таңдалды. Әр потенциалдың әрқайсысының өзіндік бірегей сипаттамалары мен алмасу параметрлері бар, ол ұсынылған мәселені толығырақ қарастыруға мүмкіндік береді. Екі нуклон-нуклондық потенциалды қолдану арқылы алынған жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша резонанстық күйдің Г ені және Е энергиясы бұрыннан бар тәжірибелік мәліметтермен салыстырылды. Салыстырулар нәтижесінде теория мен эксперимент арасындағы сәйкестілік алынды.
ЕКІ АЛЬФА БӨЛШЕКТІҢ СЕРПІМДІ СОҚТЫҒЫСУ РЕАКЦИЯСЫНДАҒЫ НУКЛОН-НУКЛОН ӘСЕРЛЕСУІНІҢ ПОТЕНЦИАЛДАРЫ
Жарияланған March 2022
204
137
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Калжигитов, Н., Құрманғалиева, В., Отарбаева, Ұ., Абдихан, А. і Ернар, Н. 2022. ЕКІ АЛЬФА БӨЛШЕКТІҢ СЕРПІМДІ СОҚТЫҒЫСУ РЕАКЦИЯСЫНДАҒЫ НУКЛОН-НУКЛОН ӘСЕРЛЕСУІНІҢ ПОТЕНЦИАЛДАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 77, 1 (Бер 2022), 49–55. DOI:https://doi.org/10.51889/2022-1.1728-7901.06.