Мақалада инновациялық педагогикалық технологиялар әдістерінің бірі арқылы ғылыми жобаны зерттеудің нақты мысалы келтірілген. Физика пәні бойынша оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына жобалық әдісті қолдану моделі алынды. Ғылыми жоба моделінде жобалау алгоритмі, жобаның SMART мақсаты, жобаның қысқаша сипаттамасы, жобалау әдісі бойынша оқытудың нәтижесі бар. «Жасанды жарық көздерінің сәуле шығару спектрін зерттеу» атты ғылыми жоба қаралды. Сәулелену спектріне талдау үшін өнеркәсіпте шығарылатын және жарықтандыруға қолданылатын 5 жарық көздері таңдалды. Сәуле шығару спектрлерін зерттеу арнайы қондырғыда жүргізілді. Таңдалған жарық көздерінің спектрлерін талдай отырып, жарқырауы түрлі-түсті жарық диодтарынан сәулелену көзін құрастыру ұсынылды. Оқушылардың жобамен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру үшін 5-9 сынып оқушылары үшін физика пәнінен әр жаңа тақырыпқа жобалау әдісін қолдану ұсынылды.
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Рыстыгулова, В. і Жақсылықова, А. 2020. МЕКТЕПТЕ ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУҒА ЖОБАЛАУ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 70, 2 (Чер 2020), 194–198. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-7901.30.