Бұл мақалада Лыков теңдеулер жүйесімен берілген топырақтағы жылу және ылғал тасымалының диффузиялық коэффициенті мен жылу өткізгіштік коэффициентін табу әдістері қарастырылады. Бастапқы-шектік тура есеп жәнеқолжетімді шекарада алынған қосымша шекаралық шарттар көмегімен түйіндес есеп құрастырылады. Топырақ ылғалдылығының диффузиялық коэффициенті және жылу өткізгіштік коэффициентін табудың итерациялық формулалары арнайы құрастырылған функционалды минимумға келтіре отырып және тура және қосымша есептерді шешу арқылы алынды. Тура және қосымша есеп Дюфарт-Франкель әдісімен шешілді. Коэффициенттік кері есепті шешу алгоритмі жасалып, Matlab бағдарламалық пакетінде программа жазылды. Итерациялық процестердің жинақтылығын тексеру үшін сандық есептеулер жүргізілді.
ЖЫЛУ ЖӘНЕ ЫЛҒАЛ ТАСЫМАЛЫНЫҢ ДИФФУЗИЯ ЖӘНЕ ЖЫЛУӨТКІЗГІШТІК КОЭФФИЦИЕНТТЕРІН ТАБУ ТӘСІЛДЕРІ
Жарияланған June 2021
123
112
Аңдатпа
Тіл
English
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Karashbayeva, Z. і Rysbaiuly, B. 2021. ЖЫЛУ ЖӘНЕ ЫЛҒАЛ ТАСЫМАЛЫНЫҢ ДИФФУЗИЯ ЖӘНЕ ЖЫЛУӨТКІЗГІШТІК КОЭФФИЦИЕНТТЕРІН ТАБУ ТӘСІЛДЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 78, 2 (Чер 2021), 67–75. DOI:https://doi.org/10.51889/2022-2.1728-7901.08.