Технологияның қарқында дамығын дәуірінде ақпаратты қорғау мәселесі өте өзекті болып отыр. Мақалада компьютерлік жүйелерде ақпаратты байланыс каналдары бойынша оңай және тез көшіріп алуға байланысты ақпарат қауіпсіздігіне байланысты туындаған мәселелер қарастырылған. Ақпаратты қорғау мәселесі заң шығарушы орындардан бастап нақты техникалық құрылғыға дейін кең ауқымды қамтиды. Бағдарламаны өңдеушілер ақпараттың жоғары деңгейде қорғалуын қамтамасыз ететін қорғаудың техникалық құралдары қажеттігін ұсынады. Тәжірибе көрсеткендей ақпараттың қорғалуына бағдарламалық құралдар кепіл бола алмайды. Сондықтан бағдарламалық құралдар ақпаратқа қол жеткізуді, сақтау ережесін анықтайтын ұйымдастыру шараларымен толықтырылды. Бағдарламалық құралдарды пайдаланушыларға қорғау құралдары пайдалану саласында қосымша қиындық туғызады. Бұл жұмыста қорғау құралдарының классификациясы мен өзіндік қорғау әдістері және де қосымша ақпаратты сұрау салу арқылы қорғау тәсілдері келтірілген
ДЕРЕКТЕР ҚОРЫНДА АҚПАРАТТЫ САҚТАУ ҚАУІПСІЗДІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ
Жарияланған June 2020
265
179
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Айтуғанова, Ж. , Талпақова, Б. і Жүсіпбек , .Б. 2020. ДЕРЕКТЕР ҚОРЫНДА АҚПАРАТТЫ САҚТАУ ҚАУІПСІЗДІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 70, 2 (Чер 2020), 199–206. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-7901.31.