Термоядролық реакцияларды зерттеу заманауи ядролық физика үшін үлкен қызығушылықты тудырады. Осыған орай, бұл жұмыста кластерлік үлгі шеңберінде рр-циклінің негізгі реакцияларының бірі зерттелген. Есептеулер үшін біз, кластерлік үлгі әдістерінің бірін, яғни резонирлеу тобы әдісінің алгебралық нұсқасын қолдандық, бұл әдіс бойынша зерттелетін альфа бөлшек пен 3Не шашырау рекциясы қарастырылған және өзара әсерлесуші екі кластер түрінде келтірілген. Сонымен қатар, өзгертілген Хасегава-Нагата потенциалы қолданылған, бұл потенциал нуклон-нуклондық өзара әрекеттесуді сипаттайды. Жасалған зерттеулердің мақсаты байланыс және резонансты күйлердің жалпы заңдылығының көрінісі болып табылады. Зерттеліп отырған байланыс және резонансты күйлердің негізгі теориялық есептеулері «2cl_SpectrPhases.exe» арнайы бағдарламасының қолданылуымен жүзеге асқан. Бұдан алынған теориялық нәтижелер тәжірибелік деректермен салыстырылды.
КЛАСТЕРЛІК ЖУЫҚТАУДА 7ВЕ ЯДРОСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫМЕН ЖҮРЕТІН ТЕРМОЯДРОЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАРДЫ ЗЕРТТЕУ
Жарияланған December 2020
289
132
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Курмангалиева, В. , Дүйсенбай, А. , Асқар, Н. і Жарилкасимова, С. 2020. КЛАСТЕРЛІК ЖУЫҚТАУДА 7ВЕ ЯДРОСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫМЕН ЖҮРЕТІН ТЕРМОЯДРОЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАРДЫ ЗЕРТТЕУ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 72, 4 (Груд 2020), 117–122. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7901.18 .