Перейти до головного Перейти в головне навігаційне меню Перейти на нижній колонтитул сайту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

Көшіріп алу және плагиат

Бастапқы рецензиялауды журнал редакциясы жүргізеді, мақала дұрыс ресімделмеген немесе журнал критерийлеріне сәйкес келмеген жағдайда мақала авторға қайтарылады. Оң шешім қабылданған жағдайда жұмысты плагиатқа (Антиплагиат жүйесі «Антиплагиат.ВУЗ» (Лицензия), шекті деңгейі 75%) тексеру жүзеге асырылады. Тексеруден өтпеген мақалалар қайта өзгертуге қайтарылады және журналдың ағымдағы нөміріне енгізу үшін қаралмайды. 75% - дан жоғары өзіндік ерекшелігі бар жұмысты бір немесе бірнеше рецензенттер тексереді (ағылшынша, грамматика тексерілуі мүмкін және т.б.). Қажет болса, автор рецензенттердің ұсыныстарына сәйкес түзетулер енгізеді. Редакция Double-blind review, екі рет "жасырын" - автор мен рецензенттің анонимділігі қағидатын ұстанады.

Жасанды интеллектті пайдалану ережелері

Ғылыми мақаланы жазу барысында жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын қолданудың рұқсат етілген шекті үлесі 10 %-дан аспауға тиіс. ЖИ қолдану деңгейі 11–15% аралығында болған жағдайда мақала авторға қайта өңдеуге жіберіледі. Ал ЖИ үлесі 16%-дан жоғары болса, мақала қарастырылмайды және қабылданбайды.

ЖИ құралдарын келесі жағдайларда пайдалануға рұқсат етіледі: деректерді өңдеу және талдау; ғылыми ақпаратты іздеу, іріктеу және жүйелеу; ғылыми мазмұнның мағынасын өзгертпей мәтінді редакциялау; кестелер, диаграммалар және өзге де визуалдық материалдар дайындау; мақаланы техникалық форматтау.

ЖИ құралдарын келесі мақсаттарда қолдануға тыйым салынады: негізгі ғылыми идеяны, гипотезаны және қорытындыларды жазу; авторлық талдау мен зерттеу нәтижелерін алмастыру; мақаланың бөлімдеріндегі мәтіндерді автоматты түрде генерациялау.