Перейти до головного Перейти в головне навігаційне меню Перейти на нижній колонтитул сайту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

НЬЮТОНДЫҚ ЕМЕС СҰЙЫҚТЫҚ ПІШІМІ ҮШІН ЖАЛҒАН АЙМАҚТАР ӘДІСІНІҢ МОДИФИКАЦИЯСЫ

Жарияланған December 2024

86

85

А.А. Крыкпаева+
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Өскемен қ.,
Ж.Б. Байтуленов+
Al-Farabi Kazakh National University, Almaty
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Өскемен қ.,
Al-Farabi Kazakh National University, Almaty
Аңдатпа

Бұл жұмыста үшөлшемді шенелген аймақта ньютондық емес сұйықтықтың стационарлық емес сызықсыз пішімі үшін үлкен коэффициенттермен жалғастырылған жалған аймақтар әдісінің бір модификациясы қарастырылады. Бұл модификация аз шамалы параметрге тәуелді және кеңейтілген(жалған) аймақта анықталған көмекші есеп түрінде берілген. Ал аталған ньютондық емес сұйықтық пішімі бастапқы есеп ретінде алынған. Жұмыстың мақсаты – көмекші есептің қандай да бір шешімдерінің бар болуы мен аз шамалы параметрдің нөлге ұмтылған кезінде бастапқы есептің сәйкес шешіміне жинақталуын дәлелдеу және шешімдердің жинақталу жылдамдығын алу. Сонымен, бұл жұмыста көмекші есептің жалпылама шешімінің бар болуы мен бастапқы есептің сәйкес жалпылама шешіміне жинақталуы дәлелденген. Ал күшті шешімдер үшін жалған аймақтар әдісінің «классикалық» түрімен салыстырғанда жоғары жинақталу жылдамдығы алынған. Мұнда негізгі зерттеу әдістемесі – априорлы баға алу, Галеркин әдістері.

 

pdf
Тіл

Қазақ

Як цитувати

[1]
Крыкпаева, А. і Байтуленов, Ж. 2024. НЬЮТОНДЫҚ ЕМЕС СҰЙЫҚТЫҚ ПІШІМІ ҮШІН ЖАЛҒАН АЙМАҚТАР ӘДІСІНІҢ МОДИФИКАЦИЯСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 88, 4 (Груд 2024), 29–39. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2024.88.4.003.