Бұл мақалада жасанды интеллект негізіндегі адаптивті оқу платформасы қажеттілігінің алғышарттары қарастырылған. Мақаланың мақсаты - қолданыстағы оқыту платформаларын талқылау арқылы, жалпы білім беретін мектептерге ЖИ негізінде адаптивті оқу платформасын әзірлеу қажеттілігін дәлелдеу. Зерттеу жүрзігуде бақылау, сұқбаттасу және құжаттарды талдау әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде платформаны жетілдіру үдерісінде технология, білім беру және пайдаланушы тәжірибесін жобалау саласындағы сарапшылардың тығыз өзара әрекеттесуі қажет екенін көрсетті. Пайдаланушылар – мұғалімдер мен білім алушылар, қолданыстағы платформаны пайдаланудың жалпы оң әсерін атап өтті. Сондай-ақ, зерттеу платформаның білім алушылардың мотивациясын, белсенділігін және оқу нәтижелерін жақсартуға ықпал ететінін, оқыту дербестендіретін адаптивті платформаларға жетілдіру қажеттігін көрсетті. Дегенмен, адаптивті оқыту платформаларын жетілдіру үшін, бұл үдеріске қатысты дерекқор құру, ЖИ алгоритмдерін әзірлеу және деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету білім алушылардың дамуына қосымша зерттеулер мен қосымшалар қажет екендігі анықталды.
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ НЕГІЗІНДЕГІ АДАПТИВТІ ОҚУ ПЛАТФОРМАСЫ ҚАЖЕТТІЛІГІНІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Жарияланған March 2025
8
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Оган, Н., Исабаева, Д., Исабаева, С. і Чайко, Е. 2025. ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ НЕГІЗІНДЕГІ АДАПТИВТІ ОҚУ ПЛАТФОРМАСЫ ҚАЖЕТТІЛІГІНІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 89, 1 (Бер 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2025.89.1.029.