Мақалада қашықтықтан оқыту жағдайындағы Абай атындағы ҚазҰПУ-дегі білім беру ортасының цифрлық
экожүйесінің модельдері мен технологиялары қарастырылған. Университеттің цифрлық экожүйесі жүйеге
қатысушылардың барлығының ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыруды, білім беру нәтижелерін өлшеуді,
ғылыми зерттеулерді, сыныптан тыс жобалар мен қозғалыстарды, ұйымдастырушылық және басқарушылық
шешімдерді, сондай-ақ оларды жүзеге асыру жолдарын қамтитын интеграцияланған көп компонентті жүйесі
ретінде анықталады. Университеттің интеграцияланған экожүйесінің сипатталған компоненттері тұрғысынан
жобалар мен шешімдерге талдау жасалады. Қашықтықтан оқытудың модельдері мен технологиялары - онлайн,
оффлайн, төңкерілген сабақ, аралас оқыту қарастырылады. Оқу жетістіктерін бақылау мен бағалаудың
инновациялық түрлері талданды. Сондай-ақ, мақалада университет оқытушылары мен студенттерінің
қашықтықтан оқуға дайындығын, оның әртүрлі модельдері мен технологияларын пайдаланудың
артықшылықтарын социологиялық зерттеу нәтижелері сипатталған.
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ: МОДЕЛДЕРІ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Жарияланған September 2020
165
150
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Балықбаев, Т. 2020. АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ: МОДЕЛДЕРІ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 71, 3 (Вер 2020), 173–179. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-3.1728-7901.25.