Қазіргі кезде оқулықтарды сараптау электрондық платформасын жасау өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бүгінгі уақытта мектеп және жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтарды дайындау және оны сараптау критерийлерін басшылыққа ала отырып, сараптамадан өткізу біршама күрделі үдеріс болып табылады.
Мақаланың мақсаты оқулықтарды сараптаудың электрондық платформасының тұжырымдамадық негіздерін жасау болып табылады. Зерттеуде алдыға қойылған мәселе бойынша нормативтік құжаттарға талдау, сауалнама әдістері қолданды. Сауалнаманың мақсаты сараптама үдерісін ұжымдық күшейту және жетілдіру үшін білім беру мазмұны мен білім беру ресурстарын сараптау тәжірибесі мен білімі туралы сарапшылардың пікірлерін жинау болып табылады.
Зерттеу нәтижелері. Оқулық басылымдары мен үлгілік оқу жоспарларының, бағдарламаларының сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу кезеңдері келтіріле отырып, білім беру мазмұны мен білім беру ресурстарын сараптаудың электрондық платформасының (EPEC) мақсаты мен мазмұны анықталып, EPEC электрондық платформасының архитектурасы сыртқы контур (функционалдық Web-портал), ішкі контур (BI-аналитика, Зияткерлік блок, Блокчейн модуль, процестерді мониторингтеу және пайдаланушының іс-қимылын логиялау жүйесі, сұраныстарды өңдеу жүйесі), деректермен алмасу жүйесін, ДҚБЖ-ны қамтитыны анықталды. Электрондық платформаның техникалық ерекшеліктері ескере отырып, электрондық платформаның жасаудың кезеңдері келтірілді.