Қабатты-инфильтрациялық кен орны жағдайында жер асты ұңғымалы шаймалау әдісімен пайдалы қазбаны өндіру, процесті тікелей бақылаудың мүмкін еместігімен байланысты көптеген мәселелермен қатар жүреді. Бұл мақалада айдалынатын ерітіндінің тығыздығының гетерогенділігінің ұңғыманың фильтрінің жұмысының тиімділігіне әсер ету мәселесі қарастырылады. Гравитациялық күштердің әсерінен сұйықтықтың тығыздығының біркелкі бөлінбеуі кезінде ерітінділердің «түсу» әсері пайда болады, ұңғыма фильтрлары бір деңгейде орналасқан және фильтрдың төменгі шекарасы өткізбейтін төменгі қабаттан қашық орналасқан жағдайда, фильтрлардың орналасқан жерінде кен өндіру тиімділігін айтарлықтай төмендейді. Мәселе ақырғы айырмашылық схемаларын қолданып математикалық модельдеу негізінде зерттелді. Есептеу алты айдау және бір өндіру ұңғымасы бар алтыбұрышты (гексагоналды) орналасу схемасы үшін жүргізілді. Нәтижелер ұңғымалар арасындағы қашықтыққа және айдалатын сілтісіздендіру ерітіндісінің тығыздығына байланысты ерітінділерінің түсу деңгейінің өзгеруі сызықты екенін көрсетті. Бұл нәтижелер айдалатын ерітіндінің тығыздығының әртүрлі мәндерінде ұңғыма сүзгілерінің тиімді орналасуын анықтауға мүмкіндік береді.
ЖЕРАСТЫ ҰҢҒЫМАЛЫ ШАЙМАЛАУ БАРЫСЫНДА ГРАВИТАЦИЯНЫҢ ҰҢҒЫМА ФИЛЬТРЛАРЫНЫҢ ОРНАЛАСУЫНА ӘСЕРІ
Жарияланған September 2022
221
80
Аңдатпа
Тіл
English
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Shayakhmetov, N., Kurmanseiit, M. і Alibayeva, K. 2022. ЖЕРАСТЫ ҰҢҒЫМАЛЫ ШАЙМАЛАУ БАРЫСЫНДА ГРАВИТАЦИЯНЫҢ ҰҢҒЫМА ФИЛЬТРЛАРЫНЫҢ ОРНАЛАСУЫНА ӘСЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 79, 3 (Вер 2022), 91–98. DOI:https://doi.org/10.51889/7670.2022.18.32.011.