Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІН ОҚЫТУДА ДИСКРЕТТІ МАТЕМАТИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ

Жарияланған June 2022

190

132

Б.Ғ. Бостанов+
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
З.Т. Суранчиева+
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
С.Ш. Тілеубай+
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда қ., Қазақстан
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда қ., Қазақстан
Аңдатпа

Мақалада информатика білім беру бағдарламасы бойынша кәсіби пәндерді меңгертуде болашақ информатика мұғаліміне дискретті математика элементтерін оқыту қажеттілігі айқындалған. Дискретті математика элементтері болашақ информатика мұғалімінің кәсіби дайындығының құрамдас бөлігі және информатиканың математикалық негізінің базалық бөлігін құрайды. Дискретті математиканың кең таралған элементтерін, атап айтқанда математикалық логика және графтар теориясының элементтерін қолдануға назар аударылды. Сондай-ақ, логикалық есептерді ақиқат кестесі арқылы шешу әдісі, есептің MS Excel кестелік процессорында шығарылу жолдары қарастырылған. Сонымен қатар, графтар теориясының қосымшаларының информатикадағы қолданылу бағыттары баяндалған. Жүргізілген зерттеу нәтижесі оқытуда білім беру бағдарламасындағы кәсіби пәндер мазмұнында дискретті математика элементтерін кіріктіріп оқыту оқу сапасын арттыруға себеп болатындығын көрсетті. Зерттеу нәтижелері болашақ информатика мұғалімдерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ары қарай дамытуда қолданылады.  

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Бостанов, Б., Суранчиева, З. і Тілеубай, С. 2022. БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІН ОҚЫТУДА ДИСКРЕТТІ МАТЕМАТИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 79, 3 (Чер 2022), 278–286. DOI:https://doi.org/10.51889/1096.2022.79.92.033.