Бұл мақалада суретті жақсартуда саусақ іздерін тану есебін шешу үшін Гаусстық шу («ақ шу» ретінде белгілі) алгоритмі, қарама-қайшылықты реттеу және қарқындылықты қалпына келтіру әдістері және пайдаланылатын деректер (параметрлер), саусақ іздерінің суреттерінде жоғары шу деңгейі бар аймақтарды қалпына келтіру және кескінді жақсарту әдістерімен пайдаланылатын ақауларды жою қарастырылған. Сонымен бiрге бұл мақалада саусақ іздерін салыстыру процесінің ең негізгі бөліктерінің бірі – суреттерді өңдеу қарастырылды. Атап айтқанда, саусақ іздерін салыстыру мәселесіне, саусақ іздерін бұрмалаудың бірнеше әдістеріне, саусақ іздерін жақсартудың бірнеше кеңінен қолданылатын әдістеріне және зерттеу барысында қолданылатын суреттерді өңдеу құралдарына тән шу талқыланды. Сақтауға байланысты файл пішімінің ерекшеліктері саусақ іздерін танудағы негізгі міндеттердің бірі болып табылады.
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Иманбаев, К. , Қожамқұлова , Ж. , Айтуганова, Ж. і Сыдықова , М. 2020. САУСАҚ ІЗДЕРІН ТАНУ СУРЕТІН ЖАҚСАРТУ ӘДІСТЕРІ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 70, 2 (Чер 2020), 229–233. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-7901.36.