Бұл мақалада жалпы білім беретін орта мектепте оқушылардың ақпараттық қауіпсіздік жайлы білімін қалыптастыру мәселелері қарастырылды. Орта мектептегі информатика пәні бойынша ақпараттық қауіпсіздіктің оқыту мазмұнына сараптамалық талдау жасалды. Білім және Ғылым министрлігі ұсынған үш баспаның (Арман ПВ, Алматыкітап, Атамұра) оқу құралдарына сараптамалық талдау жасалды. Спиральділік қағидаты бойынша әр оқулықтағы ақпараттық қауіпсіздік тақырыбы бойынша қарастырылатын білім мазмұны зерделенді. 5-9 сыныптардағы ақпараттық қауіпсіздік тақырыбының спиральділік қағидаты бойынша күрделілігі мен тереңдігіне талдау жасалып, анықталды. Сыныптар бойынша әр оқулықтардғы тапсырмаларға талдау жасалды. Ақпараттық қауіпсіздік мазмұнын оқыту барысындағы кездесетін мәселелер, көлемі, мазмұны, терминдер мен таралымы әртүрлілігі т.б. анықталды. Осы мәселелерді ескере отырып, факультативті сабақ ретінде-қосымша оқытуға арналған, орта мектепте ақпараттық қауіпсізідікті оқытудың моделі жасалды.
ИНФОРМАТИКА ПӘНІ МАЗМҰНЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ТАҚЫРЫБЫНЫҢ АЛАТЫН РӨЛІ
Жарияланған December 2022
229
134
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Мадьярова, Г. і Саттар, П. 2022. ИНФОРМАТИКА ПӘНІ МАЗМҰНЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ТАҚЫРЫБЫНЫҢ АЛАТЫН РӨЛІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 80, 4 (Груд 2022), 244–250. DOI:https://doi.org/10.51889/8159.2022.37.63.028.