Мақалада болашақ математика мұғалімдерін оқытуда жоба әдісін қолдану мәселесі қарастырылады. Жаңа білім беру стратегиясы дамушы технологиялардың көмегімен өзін-өзі тәрбиелеуді жүзеге асырады, оның мақсаты білімгерлерге білім беру ғана емес, сонымен қатар әр білімгердің шығармашылық қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтау және дамыту, оның өзіндік өнімді оқу іс-әрекетін ынталандыру болып табылады.
Қазіргі таңда орта мектепте білім беру бағдарламаларында білімгерлердің өзіндік жұмысты орындай білуіне ерекше көңіл бөлінуде. Сондықтан бүгінгі білімгер ертеңгі маман болатындықтан ЖОО-да өзіндік жұмысты ұйымдастыруға да жаңашылдықпен қарауымыз керек. Ақпараттың тез жаңаруы, ғылымның ғарыштап дамуы, ақпараттық технологияның қарқындап өзгеруі өзіндік жұмысты инновациялық бағытта ұйымдастыруды талап етеді. Олай болса, бұл бүгінгі таңдағы өзекті мәселердің бірі.
Бұл жұмыстың мақсаты жоғары мектептің математика пәнінен білімгерлердің өз бетінше жұмыс істеуін ұйымдастыруда «жоба әдісін» қолданудың теориялық негізделген тиімділігін зерттеу болып табылады. Мақсатқа сай міндеттер, яғни «жоба әдісінің» мән мағынасын ашу, математикалық пәндерді оқытуда жоба әдісін қолдануға әдістемелік нұсқаулар қарастырылып және оны бұл әдісті қолданудың тиімділін диогностикалық зерттеу қарастырылады.
Бұл зерттеудің негізгі әдістері педагогикалық эксперимент, бақыланатын және сандық әдістер болып табылады. Жобалық оқытудың ерекшелігі білімгерлердің қабілеттерін жетілдіруге бағытталған әдіс ретінде ескеріледі. «Жоба әдісі» бойынша білімгерлердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың кезеңдік әдістемесі жасалды. Бақылау барысында оқытудың модульдік бейнесі алынды, мазмұны анықталды, жоғары мектепте математиканы оқытудың жобалық тақырыптық жоспары әзірленді және жобалық әдістің қолдануы көрсетілді. Зерттеу білім беру саласындағы өзекті сұрақтарға жауап іздеуге бағытталған және оқытушылар мен білімгерлер үшін практикалық маңызды болып табылады.