Бұл мақала заманауи білім берудің өзекті мәселесіне, яғни математика мұғалімдері мен педагогикалық мамандықта оқитын студенттердің зерттеу қабілеттерін математикалық олимпиада есептерін шығарту қабілеті арқылы кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға арналған. Олимпиаданың мақсаты студенттердің, болашақ математика мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігінің қалыптасуына тәуелсіз сараптама жүргізу, олардың танымдық белсенділігін ынталандыру және шығармашылық әлеуетін ашу арқылы білім сапасын арттыру, сондай-ақ оқушылардың жоғары білім алу нәтижелеріне қол жеткізу үшін қажетті жоғары әдістемелік және пәндік білімі мен кәсіби құзыреттілігі бар математика мұғалімдерін анықтау, оларды ынталандыру және қолдау болып табылады. Олимпиаданың негізгі міндеттері: құзыреттілікке бағдарланған педагогикалық білім беруді іске асырудың ұйымдастырушылық-әдістемелік жағдайларын жасау, болашақ математика мұғалімі білім бағдарламасын бітірушілерді даярлау сапасын арттыруға жәрдемдесу, математика мұғалімдерінің зияткерлік мүмкіндіктері мен кәсіби қасиеттерін дамыту, жеке өздігінен білім алу негізінде жаңа құзыреттіліктерді қалыптастыру және мамандықтың үздік өкілдерін анықтау болып табылады. Математикалық білім берудің немесе республикалық оқыту әдістемесі бойынша жетекші материалдардың бірі, мамандардың естеліктерімен байланысты он жыл бойы олимпиаданы өткізудің қысқаша тарихына толқталдық. Мақала соңында математика пәні мұғалімдері мен студенттерінің зерттеу қабілетін дамытуға арналған математикалық олимпиада тапсырмаларының мысалы келтірілген.
БОЛАШАҚ МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМІНІҢ ЗЕРТТЕУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДА МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЕСЕПТЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ
Жарияланған December 2022
193
143
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Шияпов, К., Алтынбеков, Ш. і Уалиханова, Б. 2022. БОЛАШАҚ МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМІНІҢ ЗЕРТТЕУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДА МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЕСЕПТЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 80, 4 (Груд 2022), 132–137. DOI:https://doi.org/10.51889/3232.2022.59.69.015.