Мақалада толығымен дерлік кальциттен тұратын карбонат үлгілерінің еруі нәтижесінде олардың кеуек құрылымының өзгеруі зерттеледі. Осы мақсатта 12% және 18% тұз қышқылы ерітінділерін айдау бойынша зертханалық тәжірибелер кезінде сыналған 4 (I, II, III және IV) цилиндрлік карбонатты үлгілерден 8 текше тәріздес шағын үлгілер (№1-8) таңдалды. Қышқыл ерітінділері сәйкесінше 4 және 8 мл/мин ағын жылдамдығымен айдалды. Шағын үлгілердің кеуек құрылымы, дәлдігі ~19 мкм болатын рентгендік томографиялық кескіндер негізінде Avizo бағдарламалық пакетін пайдалану арқылы алынды. Шағын үлгілердің сипаттамалары су ағынын кеуекті масштабта модельдеу арқылы есептелді. Кеуек құрылымындағы елеулі өзгеріс бастапқы кеуектілігі төмен (8,7%) болатын №3 шағын үлгіде орын алды, ал оның өткізгіштігі бастапқы мәніне қарағанда 65 есеге артты. Орташа кеуек және жұтқыншақ радиустары 10%-дан астам ұлғаюы байқалған №1, 3 және 4 шағын үлгілерде өткізгіштіктің айтарлықтай жоғарылағаны (2,5-65 есе) байқалды. Керісінше, №2 шағын үлгінің орташа кеуек мен жұтқыншақ радиустарының ~3% өзгеруі оның өткізгіштігінің 25%-ға ғана артуына әкелді. Тау жыныстарының еруі кеуек өлшемінің таралуына айтарлықтай әсер етті. Бұл зерттеудің нәтижелері қышқыл ерітінділерін айдау арқылы ұңғымаға мұнай ағынын ынталандыру кезінде қабаттың өткізгіштігінің жоғарылауын және СО2 айдау кезінде карбонатты жыныс қабаттарының сыйымдылығы мен тасымалдау қабілетін бағалау үшін пайдалы болуы мүмкін.
ТАУ ЖЫНЫСЫ ЕРУІНІҢ КАРБОНАТТЫ ҮЛГІЛЕРДІҢ КЕУЕК ҚҰРЫЛЫМЫНА ӘСЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ МӘЛІМЕТТЕР НЕГІЗІНДЕ САНДЫҚ ЗЕРТТЕУ
Жарияланған June 2023
160
32
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Болысбек, Д., Асилбеков, Б. і Кульджабеков, А. 2023. ТАУ ЖЫНЫСЫ ЕРУІНІҢ КАРБОНАТТЫ ҮЛГІЛЕРДІҢ КЕУЕК ҚҰРЫЛЫМЫНА ӘСЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ МӘЛІМЕТТЕР НЕГІЗІНДЕ САНДЫҚ ЗЕРТТЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 82, 2 (Чер 2023), 54–63. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2023.82.2.006.