Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

ЖАСАНДЫ НЕЙРОНДЫҚ ЖЕЛІЛЕРДІ ҚҰРУДЫ СЫЗЫҚТЫҚ АЛГЕБРА КӨМЕГІМЕН АБСТРАКЦИЯЛАУ

Жарияланған March 2023

209

297

А.Б. Керімбердина+
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан
http://orcid.org/0000-0002-1586-9468
А.К. Садвакасова+
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан
http://orcid.org/0000-0001-8219-5515
Г.Н. Казбекова+
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік Университеті, Түркістан қ., Қазақстан
https://orcid.org/0000-0002-2756-7926
С.Ш. Тілеубай+
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда қ., Қазақстан
https://orcid.org/0000-0001-6590-2097
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік Университеті, Түркістан қ., Қазақстан
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда қ., Қазақстан
Аңдатпа

Білім мазмұнының жаңаруына байланысты жалпы білім беретін мектептерге арналған информатика пәні де жаңа тақырыптармен толықтырылып, жасанды нейрондық желілермен жұмыс жасау бағыты оқу бағдарламасына енгізілген болатын. Соған байланысты, зерттеу жұмысымыздың мақсаты бойынша бірқатар жоғарғы оқу орындарында жасанды нейрондық желілерді болашақ информатика педагогтарына игерту бағытында эксперимент жүргізілуде. Жасанды нейрондық желілер адамның жүйке жүйесінің құрылымына негізделген математикалық модельдер және олардың бағдарламалық жасақтамасы болып табылады. Биологиялық нейронның жұмысын салыстырмалы түрде қарапайым математикалық тәсілдермен модельдеуге болады, сонымен қатар адамның ойлауының барлық тереңдігі мен икемділігі және жүйке жүйесінің басқа да маңызды қасиеттері нейрондардың күрделілігімен емес, олардың көптігімен және олардың арасындағы күрделі байланыс жүйесінің болуымен анықталады. Ең қарапайым нейрондық желілерді қосымша құрылғыларды пайдаланбай-ақ компьютерде жазу және іске қосуды меңгеру маңызды дағдылардың бірі деуге болады, ол үшін жасанды нейрондық желілерді математикалық тұрғыдан түсіне білу қажет. Болашақ информатика педагогтарын оқыту барысында жасанды нейрондық желілердің қалай құрылатынын, оның математикамен байланысын түсіндіру арқылы күрделі есептерді  шығартуды үйретуде тиімді болатынына көз жеткіздік. Осы мақалада жасанды нейрондық желілердің жұмысын сызықтық алгебраның көмегімен түсіндіру әдісін ұсынамыз.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Керімбердина, А., Садвакасова, А., Казбекова, Г. і Тілеубай, С. 2023. ЖАСАНДЫ НЕЙРОНДЫҚ ЖЕЛІЛЕРДІ ҚҰРУДЫ СЫЗЫҚТЫҚ АЛГЕБРА КӨМЕГІМЕН АБСТРАКЦИЯЛАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 81, 1 (Бер 2023), 230–238. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2023.81.1.026.