Мақалада қашықтықтан оқыту жағдайында педагогикалық дизайн негізінде оқу курстарын құрудың
маңыздылығы қарастырылады. Педагогикалық дизайн мақсатын білім алушылардың сұраныстарына сәйкесінше
білім беру нәтижелерінен оқу материалдарын, білім алушылармен қарым-қатынас тәсілдерін, педагогикалық
технологиялар мен құралдарды білім беру деректері негізінде бірыңғай жүйені икемді өзгерту және бейімдеу
мақсатындағы білім беру ортасын құруға және оқу процесін әзірлеуге арналған кешенді тәсіл ретінде анықтайды.
Қашықтан оқытудағы оқу курсын құруда келесі педагогикалық дизайн кезеңдері: мақсатты топты талдау; білім
беру мақсаттарының сипаттамасы оқыту нәтижелері ретінде (рубрикатор); оқу материалының мазмұнын,
күрделілігі мен жүйелілігін анықтау; білім контентін дайындау (мәтіндер, видео, аудио, фото, интеллектуалды
карталар және т.б.); білім алушыларға нұсқаулық, кейс тапсырмаларды дайындау; диагностика және бағалау
жүйесін таңдау (бақылау-өлшеу материалдарын дайындау); білім алушылардың өзара әрекеттесу және қатысу
әдістерін таңдау (жеке, топтық жұмыс және т.б.); ресурстарды жоспарлау (техникалық, цифрлық) басшылыққа
алынуы қажет екендігі тұжырымдалады. Онлайн курсты жобалаудың кең таралған моделіне сүйеніп
педагогикалық дизайнға негізделіп, қашықтан оқыту курстарын жоспарлау ұсынылады.
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДИЗАЙН НЕГІЗІНДЕ ОҚУ КУРСТАРЫН ҚҰРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Жарияланған September 2020
149
303
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Исабаева, Д. і Курмангалиева, Н. 2020. ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДИЗАЙН НЕГІЗІНДЕ ОҚУ КУРСТАРЫН ҚҰРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 71, 3 (Вер 2020), 215–219. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-3.1728-7901.32.