Бұл мақалада қазіргі таңда әлеуметтік желілердегі балағат тілде жазылатын пікірлерді жинау үшін оңай және автоматтандырылған қадамдарды машиналық оқыту арқылы жүзеге асыруға болатыны туралы айтылған. Бүгінде, онлайн контенттегі жағымсыз пікір қалдырушылар саны қаптап кетуі проблемалар қатарын көбейтуде. Біз Қазақстанда пайдаланатын әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарына жариялаған бейәдеп пікірлерден тұратын деректер қорын жинап жатырмыз. Көптеген әлеуметтік желілерден түскен шағымдарды зерделей отырып байқағанымыз: онлайн контентте кемсітетін яғни, балағаттау пікірлерінің жариялануы күн сайын артып келе жатқанын көруге болады. Біздің зерттеулер нәтижесі машиналық оқыту тәсілдерін қолдану арқылы әлеуметтік желілерде жарияланған дөрекі сөздердің түбірін зерттеп қана қоймай, сонымен қатар, ғадауат пікірлердің түрлерін ажыратып және автоматтандырылған деректер жиынына қол жеткізуге көмектеседі.
ОНЛАЙН КОНТЕНТТЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛДІ БЕЙӘДЕП ПІКІРЛЕРДІ МАШИНАЛЫҚ ОҚЫТУДА ЖИНАҚТАУ
Жарияланған March 2023
200
80
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Тоқтарова, А., Ажибекова, Ж. , Сұлтан, Д. і Керімбеков, М. 2023. ОНЛАЙН КОНТЕНТТЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛДІ БЕЙӘДЕП ПІКІРЛЕРДІ МАШИНАЛЫҚ ОҚЫТУДА ЖИНАҚТАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 81, 1 (Бер 2023), 265–272. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2023.81.1.030.