Авторлар мобильді оқытуды сандық педагогиканың перспективалық векторы ретінде алып, оқу процесін ұйымдастыру барысында мобильді оқыту технологияларын пайдаланудың артықшылықтарын сипаттайды және білім беру үдерісіндегі мобильді қосымшаларының мазмұнын ашады. Мақалада қазіргі білім беруде мобильді оқытуды қолдану бағыттары, сонымен қатар педагогикадағы жаңа технология ретінде мобильді оқытуды ұйымдастыру қарастырылады. Бүгінгі таңда мобильді оқыту - бұл білім беруде қарқынды дамып келе жатқан перспективалы бағыт. Мобильді технологиялар оқытуды икемді етеді. Студенттер арасында ұялы телефондардың кең таралуы мен қол жетімділігіне қарамастан, отандық жоғары оқу орындарында мобильді оқыту жай таралып жатқандығы атап көрсетілген. Мобильді құрылғылардың мүмкіндіктері үнемі өсіп, оларды оқу құралы ретінде кеңінен қолдануға болады және ол білім беруде басты орын алады деген қорытынды жасалды.
МОБИЛЬДІ ОҚЫТУДЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ РЕТІНДЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Жарияланған September 2023
162
59
Аңдатпа
Тіл
English
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Tileubay, S., Doszhanova, B., Almenayeva, R., Zharmenova, B. і Mussagulova, G. 2023. МОБИЛЬДІ ОҚЫТУДЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ РЕТІНДЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 83, 3 (Вер 2023), 253–261. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2023.83.3.028.