Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

«КӨПЖАҚТАР» ТАҚЫРЫБЫН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ

Жарияланған June 2023

146

139

A Ануар+
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ.
С. Касенов+
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ.
Ш. Рахмет+
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
К. Баетов+
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
А. Тлеулесова+
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы қ.,
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы қ.,
Аңдатпа

Мақалада  «Көпжақтар» тақырыбын оқытуда қолданылатын  ақпараттық технологиялар әдістері көрсетілген. Кіріспеде жалпы ақпараттық технологияларды геометрия сабағында пайдаланудың тиімділіктеріне қысқаша шолу жасалды. Ақпараттық технологиялардың «Көпжақтар» тақырыбын оқытудағы тиімді құралдардың түрлері мен қолдану әдістері қарастырылды. Ары қарай «Көпжақтар» тақырыбын оқытудағы GeoGebra бағдарламасының қолданылу тиімділігі жайлы қозғалып, бірнеше есеп мысал ретінде көрсетілді. Есептерде оқушыларға елестетуге қиын тапсырмалар алынды. Геометриялық есептерді шығаруда сызбаның дұрыс салынуы есеп шығарылуының жарты шешімін құрайтыны бұрыннан белгілі. Сызба қадамдары жазылып, келесі тапсырмаларды өз еркімен жасауға мүмкіндік беретіндей ақпараттар берілді. Ақпараттық технологияларды пайдаланудың тімділіктері іс жүзінде көрсетіліп, баланың логикалық ойлауын, елестету қабілетін дамытатындағын көрсетіліп берілді. Сабақ барысында ұялы телефонды тиімді мақсатта пайдалануға болатындығы қарастырылды. Есеп сызбалары тек сілтеме түрінде емес QR  код түрінде ұсынылды. «Көпжақтар» тақырыбын оқытуда тиімді ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оңай, әрі қызық өтуге болатындығы дәлелденді. Ақпараттық технологиялар қатарында GeoGebra-дан өзге бағдарламалар тізімі берілді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Ануар A., Касенов, С., Рахмет, Ш., Баетов, К. і Тлеулесова, А. 2023. «КӨПЖАҚТАР» ТАҚЫРЫБЫН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 82, 2 (Чер 2023), 111–118. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2023.82.2.012.