Негізгі мектеп алгебра курсында оқушылардың логикалық ойлау дағдысын жетілдіріп, шығармашылық қабілетін дамыту барлық педагог-әдіскерлердің басты мақсаты. Логикалық қиындатылған есептерді шығару, оқушылардың есептер арасындағы логикалық байланысты табу арқылы, есептерді жүйелі топтастыруына көмектеседі, әрі шартына мұқият көз жүгіртіп, талдау жасауға баулып, логикалық ойлау дағдысын дамытады. Бұл мақаладағы есептер Ньютон есебіне негізделіп, қазағымыздың ұлттық ерекшелігімізге сәйкес құрастырылған. Құрастырылған есептердің деңгейі негізгі мектеп алгебра курсының 9-сынып қалалық және республикалық олимпиада есептеріне сай болып табылады. Оқушылар Ньютон есебіне қатысты кассадағы билет тексеруге арналған, су қоймасына арналған және су сорғышқа арналған есептерді формуланы қолдану арқылы, кесте әдісі және пропорция әдістері арқылы шығаруға дағдылынады, сол арқылы оқушылардың логикалық қиындатылған есептерді шешуге деген қызығушылығын арттырып, олимпиадада кездесетін күрделі есептерді шешу жолын сенімділікпен ізденуіне көмектеседі. Құрастырылған есептердің ұлттық бояуы қанық болғандықтан, оқушылардың ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін арттырады.
НЬЮТОН ЕСЕБІНЕ ҚАТЫСТЫ ЛОГИКАЛЫҚ ҚИЫНДАТЫЛҒАН ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ ӘДІСТЕРІ
Жарияланған March 2022
173
111
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Искакова, М. і Әбілқайыр, Н. 2022. НЬЮТОН ЕСЕБІНЕ ҚАТЫСТЫ ЛОГИКАЛЫҚ ҚИЫНДАТЫЛҒАН ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ ӘДІСТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 81, 1 (Бер 2022), 74–86. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2023.81.1.008.