Информатика саласы қарқынды дамып келеді, оқу процесін тиімді ету үшін оқыту мазмұнының сапалы болуы маңызды. Ақпараттың жылдам өзгеруі, технологиялардың жаңаруы оқыту мазмұнының динамикалық өзгеруін талап етеді. Мақалада информатика саласының динамикалық дамуына сәйкес информатиканы оқыту мазмұнын құру ерекшеліктері: оқыту мазмұнындағы енгізілуі қажет бөлімдер, білім алушыларда конструктивистік іс-әрекет нәтижесінде зерттеу дағдысын қалыптастыру ұсынылған. Бұл ерекшеліктер информатика студенттерінің осы үнемі өзгеріп отыратын салада сәтті жұмыс істеуі үшін қажетті дағдыларға ие болуын қамтамасыз ету үшін өте маңызды.
Бұл зерттеу OR 11465474 "Білім және ғылым жүйесін жаңғыртудың ғылыми негіздері" зерттеу тақырыбын бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы мен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясы бірлесіп жүргізілді.