Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

ЫҚТИМАЛДЫҚТАР ТЕОРИЯСЫ МЕН МАТЕМАТИКАЛЫҚ СТАТИСТИКАНЫ МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ ИНФОРМАТИКА МЕН МАТЕМАТИКАНЫҢ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫ

Жарияланған June 2023

185

138

С. Сайфетдинова+
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ.
А. Тлеулесова+
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ.
У. Сейсен+
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ.
Аңдатпа

Ұсынылған мақалада мектептегі математика сабағында “Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика” бөлімін оқыту барысында қолдануға болатын информатика мен математика пәндерінің пәнаралық байланысының мүмкіндіктері, мақсаты мен өзектілігі баяндалған. Бүгінгі қоғамның талабына сай тұлға дайындау білім беру жүйесінде өзекті міндеттерінің бірі. Ал талапқа сай болу үшін білім беру жүйесінде озық технологиялар мен әдіс-тәсілдерді ұштастыра отыра білім беріп, білім сапасын арттыру қажет.   Сәйкесінше мақалада мектептің математика курсында ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика тақырыбында кездесетін есептердің ақпараттық технологияның көмегімен, соның ішінде информатика сабағында өтілетін Python бағдарламалау тілімен шешудің жолдары мен тиімділігі қарастырылған. Математиканы оқыту барысында пәнаралық байланыс орнату оқушының математика сабағына деген ынтасын арттыруға, есептеу дағдыларын дамытуға, функционалды сауаттылығын арттыруына қол жеткізер таптырмас мүмкіндік болып табылады. Жұмыстың мақсаты жалпы орта білім беретін мектептерде “Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика” бөлімін оқу барысында Python бағдарламалау тілін қолдана отырып есептің шешілу жолдарын көрсету. Мақалада зерттеліп отырған мәселе бойынша осы кезге дейін жарық көрген жұмыстарға зерделеу жүргізіліп, мектеп бағдарламасында кездесетін кейбір есептердің Python бағдарламасы көмегімен шығару жолы  қарастырылған.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Сайфетдинова, С., Тлеулесова, А. і Сейсен, У. 2023. ЫҚТИМАЛДЫҚТАР ТЕОРИЯСЫ МЕН МАТЕМАТИКАЛЫҚ СТАТИСТИКАНЫ МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ ИНФОРМАТИКА МЕН МАТЕМАТИКАНЫҢ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 82, 2 (Чер 2023), 147–158. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2023.82.2.016.