BYOD (Bring Your Own Device) – бүгінгі таңда білім берудегі ең маңызды технологиялардың бірі. Мақала BYOD технологияларының жай-күйін және оларды пайдаланудың алғышарттарын қарастыруға арналған. Жұмыста жоғары оқу орындарында BYOD технологияларын табысты енгізудің әртүрлі жолдары талданады, сонымен қатар оқу процесіне практикалық енгізу мәселелері талқыланады. Зерттеу нысаны Қазақстандағы ең ірі педагогикалық университет – Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті. Мақалада BYOD технологиясының дамуы талданады, оны қолданудың әртүрлі әдістері зерттеледі және тәжірибелері туралы айтылады. Зерттеу нәтижесінде оқу үдерісінде BYOD технологиясын қолданудың артықшылықтары анықталды. Олардың ішінде ұтқырлық пен оқудағы икемділікті арттыруды ерекше атауға болады. Сонымен қатар, әртүрлі құрылғыларды және деректер қауіпсіздігін пайдалану арқылы оқытуды ұйымдастырудың күрделілігіне қатысты мәселелер қарастырылған. Қорытындылай келе, университеттің оқу үдерісінде BYOD технологияларын қолдану бойынша ұсыныстар беріледі.
BYOD ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ОҚЫТУДЫ ЦИФРЛЫҚ ТҮРЛЕНДІРУГЕ ДАЙЫНДЫҒЫН АРТТЫРУ
Жарияланған March 2023
141
152
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Исабаева, Д., Абдулкаримова , Г. і Сейтова, А. 2023. BYOD ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ОҚЫТУДЫ ЦИФРЛЫҚ ТҮРЛЕНДІРУГЕ ДАЙЫНДЫҒЫН АРТТЫРУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 81, 1 (Бер 2023), 214–222. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2023.81.1.024.