Мақалада бастауыш сынып оқушыларына «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытуда ойын тәжірибесін пайдалана отырып, оқыту мен оқудың дәстүрлі әдістеріне салыстырмалы талдау жасалған. Оқу процесінде компьютерлік ойындарды қолдану әдістері оқу материалын ойын түрінде түсіндіруде ерекшеленеді. Әртүрлі пәндер бойынша компьютерлік ойындарды пайдалана отырып, оқушының осы пәнге деген қызығушылығын арттырып, терең білім алуға көмектеседі. Білім беру мақсатында ойын платформаларын пайдаланатын әдістердің классификациясы келтірілген. Ойын тәжірибесі оқытуды ұйымдастырудың жаңа әдісіне негізделген, оның тиімділігі мен педагогикалық әлеуеті зор. Авторлар әртүрлі елдердің ғалым-педагогтарының білім берудің әртүрлі салаларында ойын тәжірибесін пайдалануы туралы жарияланымдарға талдау жасап, ойын платформаларын пайдаланудың артықшылықтарын көрсетеді. Оқу процесінде компьютерлік ойындарды пайдалану, ең алдымен, субъектінің оқу іс-әрекетін қызықты әрі сапалы етеді. Екіншіден, зейін қойып, мақсатқа жетуге деген құлшынысын арттыратыны дәлелденген. бастауыш сынып оқушылардың пернетақтада жұмыс істеу кезінде ұсақ моторикасын дамыту үшін испан ғалымдарының тәжірибесін пайдалану олардың цифрлық сауаттылығын арттыруға көмектеседі.
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ОЙЫН ТӘЖІРИБЕСІН ЕНГІЗУДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Жарияланған December 2023
128
74
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Алипова, А. і Турганбаева, А. 2023. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ОЙЫН ТӘЖІРИБЕСІН ЕНГІЗУДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 84, 4 (Груд 2023), 218–227. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2023.84.4.021.