Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламаларында негізгі мақсат – қазақстандық оқу білім мен ғылымның әлемдік бәсекеге қабілеттілігін бұданда мықты, сапалы етіп айқындалған. Осыған байланысты елімізде мектеп оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытып, ілгері жұмыс жасау үшін көзделген жалпы білім беретін мектептердің оқу процесіне жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді.
Мақалада осы мәселелер туралы ойлар қозғалған және мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім берудің стандарттарының талаптарына сәйкес математиканы оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың әдістемелік аспектілері қарастырылған. Орта білім беру жүйесінде математиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері, оқыту мазмұны, оқу процесін ұйымдастыру әдістері мен тәсілдері, құралдары және олардың математиканы оқытудың қолданбалы бағытын жүзеге асырудағы мүмкіндіктері көрсетілген.
Авторлар PISA, TIMSS халықаралық зерттеулері бойынша оқушылардың математикадан функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың әдістемелік жүйесін және оның ішкі құрылымдық элементтерінің мазмұнын, дайындық деңгейлерін айқындайды. Сондай-ақ, талдаулар негізінде жалпы білім беретін мектепте математиканы оқыту жүйесінде оқушылардың математикалық, функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға көзделген әдістемелік талаптар мен ұсынымдар жасаған.