Перейти до головного Перейти в головне навігаційне меню Перейти на нижній колонтитул сайту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

ИНФОРМАТИКАДАН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУДА КРИТЕРИАЛДЫҚ ТӘСІЛДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жарияланған December 2020

371

1363

А.Е. Сагимбаева+
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ
О.Ю. Заславская+
Мәскеу қалалық педагогикалық университеті, Мәскеу қ.
С. Авдарсоль+
Алматы университеті, Алматы қ.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ
Мәскеу қалалық педагогикалық университеті, Мәскеу қ.
Алматы университеті, Алматы қ.
Аңдатпа

Мақалада информатикадан оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалауда критериалдық тәсілді қолданудың ерекшеліктері, зерттеген ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып тапсырмалар жасау м.мкіндіктері қарастырылады. Жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес оқушылардың функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмалар жүйесі нақты өмірлік жағдайларға тән мәселелердің шешімін табуда көздейді. Бұл мәселе, әдетте, оқушылар үшін жаңа жеке өмірімен, жұмысымен, демалуымен, қоғам өмірімен байланысты. Тапсырмалар шеңберінде қойылған мәселелер оқушыдан ақпаратпен жұмыс істей білуді қолдануды; өзара байланысты және өзара тәуелді объектілер мен құбылыстардың көптеген түрлерін басқаруды талап; мәселелерді жаңа контексте шешу тәсілдерін әзірлеу ерекшеліктері баяндалады. Информатика пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау тапсырмалар жүйесін құру арқылы сабақтың тиімділігін арттыруда әр түрлі деңгейлік тапсырмалар жүйесін жүзеге асыру мүмкіндіктері анықталады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда өмірлік тапсырмалар құрастыру арқылы оқушының қызығушылығын, ынтасын арттыруға бағытталған бағалау мүмкіндіктері қарастырылады.

.pdf
Тіл

Қазақ

Як цитувати

[1]
Сагимбаева, А. , Заславская, О. і Авдарсоль, С. 2020. ИНФОРМАТИКАДАН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУДА КРИТЕРИАЛДЫҚ ТӘСІЛДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 72, 4 (Груд 2020), 242–249. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7901.38.