Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

ИНФОРМАТИКАДАН ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОРТАДА ҮЙРЕТУШІ ОЙЫНДАР ЖАСАУҒА ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Жарияланған June 2023

150

57

А.Е. Сағымбаева+
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Н.А. Ниетбаева+
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ., Қазақстан
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ., Қазақстан
Аңдатпа

Мақаланың мақсаты информатикадан қосымша білім беруде интербелсенді ортаны пайдаланып үйретуші ойындар жасауға оқытудың  тиімділігін көрсету. Информатикадан қосымша білім беру жағдайында үйретуші ойындарды жасауға оқытудың мақсаты оқушылардың ойындарды және басқа интербелсенді технологияларды пайдаланып, қызықты және тиімді оқу тәжірибесіне  қажетті білім, біліктілік және дағдыларын қалыптастыру. Интербелсенді оқыту ортасын пайдаланып, үйретуші ойындар жасауды оқыту үшін оқу материалын таңдауда сараптамалық әдістер қолданылды. Сауалнамалар арқылы компьютерлік ойындарды программалауды оқытудың мазмұнын таңдау үшін топтық және сараптамалық бағалау әдісі қарастырылды, интербелсенді оқу ортасын қолдана отырып үйретуші ойындар жасауға оқыту үшін дескрипторлар түсініктері анықталды. Әрбір сарапшыға информатикадан оларды пайдалану деңгейі бойынша үйретуші ойындарды жасауға  қажетті ұғымдар ұсынылды. Жалпы информатикадан қосымша білім беру жағдайында интербелсенді ортаны пайдаланып, білім алушыларды үйретуші ойындар жасауға оқыту әдістемесін зерттеудің практикалық маңыздылығын түсіндіруге, нәтижелерін жақсартуға, үйретуші ойындарды жасауға ынталандыруға, сондай-ақ білім алушылардың  дағдылары мен білімдерін дамытуға ықпал етуі мүмкін.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Сағымбаева, А. і Ниетбаева, Н. 2023. ИНФОРМАТИКАДАН ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОРТАДА ҮЙРЕТУШІ ОЙЫНДАР ЖАСАУҒА ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 82, 2 (Чер 2023), 270–278. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2023.82.2.030.