Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

ИНФОРМАТИКАДАН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫҢ ИНТЕРАКТИВТІ ТАПСЫРМАЛАР ЖҮЙЕСІН ҚҰРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жарияланған December 2023

76

159

М.М. Ерекешева+
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
А.Е. Сагимбаева+
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
А.Ж. Кузембаева+
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ,, Қазақстан
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ,, Қазақстан
Аңдатпа

Бұл мақалада сипатталған зерттеудің мақсаты – мектеп информатикасы бойынша оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру үшін интерактивті тапсырмалар жүйесін жасаудың әдістемелік ерекшеліктерін теориялық тұрғыдан негіздеу. Мақалада программалық жабдықты құруда қолданылатын әдістер, қолданылатын ортаны таңдау принципі және құру сатылары қарастырылған. Зерттеу объектісі - информатикадан өзіндік жұмыстардың интерактивті тапсырмалар жүйесін әзірлеу. Зерттеу әдістері - теориялық әдістер - әдебиеттерді зерттеу, материал жинақтау және қолдану,  эмпирикалық әдістер – бақылау, әңгімелесу, сауалнама, педагогикалық эксперимент және эксперимент нәтижелерін статистикалық өңдеу, web қосымшаларды жобалау, құру технологиясы, ОБП әдістері.  Зерттеу нәтижесінде информатикадан оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру үшін интерактивті тапсырмалар жүйесін жасаудың қажеттілігі негізделді, дидактикалық талаптар нақтыланды, интерактивті тапсырмалар жүйесін жасаудың құралдары анықталды, «Python тілінде алгоритмдерді программалау» бөлімін оқыту кезінде оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру үшін интерактивті тапсырмалар кешенінен тұратын web-портал жасалды.

 

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Ерекешева, М., Сагимбаева, А. і Кузембаева, А. 2023. ИНФОРМАТИКАДАН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫҢ ИНТЕРАКТИВТІ ТАПСЫРМАЛАР ЖҮЙЕСІН ҚҰРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 84, 4 (Груд 2023), 238–245. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2023.84.4.023.