Мақалада бастауыш сынып оқушыларына медиа цифрлық сауаттылықты қалыптастыру мәселелер қарастырылған. Сонымен бірге медиа цифрлық сауаттылық деп адамның қазіргі ақпарат және медиа әлемі туралы алғашқы білімі, білім беруде де, кәсіби қызметте де, күнделікті өмірде де нақты мәселелерді шешу үшін әртүрлі ақпарат көздерімен және түрлерімен жұмыс істей білуі түсініледі. Медиа сауаттылық құрылымында бөлінетін сегіз негізгі категория сипатталған: ақпаратты пайдалану, медиа ортадағы қатынастар, медиа тілі, медиа құралдарды шығармашылық пайдалану, цифрлық және медиа ортадағы этика мен құндылықтар, цифрлық және медиа ортадағы қауіпсіздік, цифрлық және медиа ортадағы құқық, медиа әрекетінің экономикалық аспектілері. Аталған санаттар шеңберінде бастауыш сынып оқушыларын даярлаудың мазмұны, медиа білім беру саласында жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін бастауыш сыныпта қолданылатын әдістемелік әдістер көрсетілген.
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА МЕДИА ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Жарияланған March 2024
70
99
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Авдарсоль, С. і Онгарбаева, А. 2024. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА МЕДИА ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 85, 1 (Бер 2024), 179–188. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2024.85.1.017.