Цифрлық трансформациялауды қалыптастыру - бұл қазақстандық жоғары оқу орындарының стратегиялық деңгейдегі басты міндеті. Жоғары білімнің цифрлық трансформациясы - бұл бүкіл қоғамға әсер ететін өзгерістер процесінің бөлігі. Мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында робототехника бойынша негізгі және қосымша сабақтар өткізу үшін оқытушыларды кеңінен оқыту мәселесі маңызды болып табылады. Білім беру жүйесінде оқытудың тиісті әдістемелерін жоғары деңгейде меңгерген мұғалімдерге деген қажеттілік айқын. Бұл мақаланың мақсаты робототехника бойынша білім беру қызметін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, оқыту нәтижесіне қол жеткізуді қамтамасыз ететін робототехника бойынша білім беру технологиясын жобалау тәсілдерін зерттеу болды, біздің зерттеу жұмысымыз да осыған арналған. Бұл мәселелердің шешімін робототехника бойынша білім беру технологиясын жобалаудың функционалды моделін жасау қажеттілігінен көреміз, бұл білім беру технологияларын мақсатты елестетуден бастап жобалау мен жүзеге асыру үрдісін егжей-тегжейлі көруге мүмкіндік береді. Робототехника саласындағы іскери кәсібилікті қалыптастыру үшін оқу процесі субъектілерінің өзара әрекеттесу үдерісі үшін цифрлық технологияларды қолдана отырып робототехника бойынша білім беру технологияларын тиімді жобалаудың алғышарты болып табылатын цифрлық экоортаны ұйымдастырдық.
РОБОТОТЕХНИКА БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Жарияланған December 2023
129
91
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Мухамедиева, К., Нургазинова , Г. і Абишева, И. 2023. РОБОТОТЕХНИКА БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 84, 4 (Груд 2023), 278–287. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2023.84.4.027.