Мақалада геометриялық есептерді векторлық әдіспен шығарудың ерекшеліктері қарастырылған. Оқушылардың вектор тақырыбы бойынша негізгі ұғымдарды меңгеруінің маңыздылығы, олардың жоғары оқу орнында оқытылатын математикалық пәндерді меңгерудегі қажеттілігі айтылған. Вектор ұғымының қалыптасу тарихы және оның қолданылуына арналған зерттеу жұмыстарына талдау жасалған. Геометриялық есептерді шығаруда дәстүрлі және векторлық әдістерді қолданудың ерекшеліктері айтылған. Геометриялық есептерді шығаруда векторлық әдісті қолданудың тиімділігі баяндалған. Векторлық әдіспен есептерді шығаруда басшылыққа алынатын қағидалар ұсынылған. Осы қағидаларды пайдалана отырып векторлық әдіспен есептерді шығарудың тиімділігі көрсетілген. Мектептің геометрия курсындағы вектор тақырыбының мазмұны және векторлық әдістің қолданылуы қарастырылған. Геометриялық фигуралардың қасиеттерін дәлелдеуде векторлық әдісті қолдануға мысалдар ұсынылған. Жоғары математика курсындағы вектор тақырыбының есептері шығарылған. Қарастырылған мысалдар негізінде білім алушылардың есептерді шығаруға қажетті вектор тақырыбы бойынша негізгі ұғымдарды білулері керек деген қорытынды жасалған.
ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ВЕКТОРЛЫҚ ӘДІСПЕН ШЫҒАРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жарияланған December 2023
102
112
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Мынжасарова, М. 2023. ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ВЕКТОРЛЫҚ ӘДІСПЕН ШЫҒАРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 84, 4 (Груд 2023), 120–129. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2023.84.4.012.