Бұл мақалада қазіргі білім беру үшін жоғары оқу орындарының білім беру процесіндегі практикаға бағдарлану мәселесі қарастырылады. Мақаланың мақсаты IT мамандықтарының студенттерін даярлаудың педагогикалық технологиясы ретінде жоба әдісін қолдануды қарастыру болып табылады. Бұл жұмыста оның негізгі аспектілері және нақты педагогикалық іс-әрекетте қолданылуы қарастырылады. Мақалада Павлодар қаласындағы Инновациялық Еуразия университеті базасында «Web-технологиялар» пәнін оқытуда жобалар әдісін қолдану туралы айтылады. Жоба әдісімен байланысты негізгі анықтамалар беріліп, пәндік салаға талдау жасалды. Аталған технологияны білім беру үдерісінде қолданудың халықаралық тәжірибесі қаралды. Өткізілген эксперимент нәтижесінде студенттер Павлодар қаласының жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарына бағдарланған жобалар әзірледі, олар қорғауда оң баға алды және дипломдық жобаларды әзірлеу үшін база ретінде пайдаланылды. Пәнді оқытуда Жоба әдісі технологиясын қолдану нәтижелері зерттеудің өзектілігін растайды.
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫНДАҒЫ БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ КЕЗІНДЕГІ ОҚЫТУДЫҢ ЖОБАЛЫҚ ӘДІСІ
Жарияланған December 2023
95
82
Аңдатпа
Тіл
English
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Ospanova, N., Li, O. і Tkach, G. 2023. АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫНДАҒЫ БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ КЕЗІНДЕГІ ОҚЫТУДЫҢ ЖОБАЛЫҚ ӘДІСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 84, 4 (Груд 2023), 288–295. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2023.84.4.028.