Мақала авторлары жүргізген зерттеудің негізгі мақсаты – бакалавриат түлектерінің кәсіби құзыреттілік деңгейін ішкі бағалау моделін жасау. ЖОО-да қалыптасу кезеңіндегі құзыреттілік деңгейін бағалау бітірушілерді біліктілік емтихандарына дайындау жүйесінің бөлігі бола алады. «Кәсіби біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына сәйкес біліктілікті растауды жұмыс берушілер жүзеге асыруы тиіс. Әзірленетін ішкі бағалау жүйесінің түрі мен мазмұнын анықтау мақсатында Ресей Федерациясы мен Қазақстандағы медицина және денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы біліктілік емтихандарын сипаттайтын мақалалар мен құжаттардың мазмұныны талданды, Ресей Федерациясындағы АТ саласы мамандардың біліктілігін тәуелсіз бағалау және Қазақстандағы Педагогтер білімін бағалау шараларының да мазмұны талданды. Сондай-ақ Қазақстанның АТ саласының кәсіби стандарттарының, АТ мамандарына қойылатын біліктілік талаптарын сипаттайтын халықаралық құжаттардың мазмұнына талдау жүргізілді. Қазақстанның жоғары оқу орындары білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде АТ саласының кәсіби стандарттарын пайдалану тәжірибесін әлі жинақтаған жоқ. Жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының мазмұнын салалық стандарттарда көрсетілген кәсіптік дағдыларға қойылатын талаптармен сәйкестендіру түлектерді дербес орталықтарда біліктіліктерін растауға дайындауға негіз болуы тиіс.
АТ-МАМАНДАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІН БАҒАЛАУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР ТУРАЛЫ
Жарияланған September 2023
101
38
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Абдиев, К., Ескендирова, Д., Жасандықызы, .М. і Примбетова, Г. 2023. АТ-МАМАНДАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІН БАҒАЛАУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР ТУРАЛЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 83, 3 (Вер 2023), 188–200. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2023.83.3.021.