Оқушылардың математикалық сауаттылығы мен зерттеушілік дағдыларын дамыту үшін есеп мәтінінде берілген ақпаратты түсіну, оны талдай отырып, есепті шығару кезеңдерін құрылымдауға баулудың маңызы өте зор. Осы жағдайлар зерттеудің мақсатын айқындап, міндеттерін нақтылауға жол ашты. Зерттеу мақсаты – математика сабағында құрылымдалған есептерді шығарудың оқушылардың ақпаратты талдау және жүйелеу дағдыларын дамытуға әсерін бағалау. Зерттеушілік дағдыларды дамытуда көптеген әдістемелер мен құралдар ішінен құрылымдалған есептерді шығару тәсілі таңдалды. Зерттеудің болжамы бойынша құрылымдалған есептерді шығару барысында оқушылар ізделінді ақпаратты сатылай іздеу арқылы ақпаратты жүйелеуге жол ашады. Ал оқушыларды есептерді өз бетінше құрылымдауға қатыстыру олардың ақпаратты талдау дағдыларын дамытады. Зерттеу мақсатына жету үшін келесі зерттеу міндеттері айқындалды: зерттеушілік дағдыларды дамытуға бағытталған әдістерді қолдану әсерін бағалау; сабақтар сериясын өткізіп, оқушылардың біліміне сапалы талдау жасау; ақпаратты талдау және жүйелеу дағдыларын дамыту бойынша мұғалімдердің қызметін ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Зерттеу барысында осы бағытта жасалған зерттеулер талданып, ақпаратты талдау және жүйелеу дағдыларын дамыту алғышарттары болып саналатын әдістердің тізімі анықталды. Құрылымдалған есептердің классификациясы дайындалып, практика жүзінде қолданылды.
ҚҰРЫЛЫМДАЛҒАН ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУДЫҢ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУҒА ӘСЕРІ
Жарияланған September 2023
63
57
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Зыкрина, С. 2023. ҚҰРЫЛЫМДАЛҒАН ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУДЫҢ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУҒА ӘСЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 83, 3 (Вер 2023), 88–96. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2023.83.3.011.