Қазіргі "математикалық әлем" білім беру ортасындағы өзекті мәселелердің бірі – білім алушылардың математикалық және зерттеу дағдыларын дамыту болып табылады. Мақалада осы дағдыларды қалыптастыру үшін робототехникалық конкурстарда практикалық тәжірибені қолдану ұсынылады. Зерттеу әдісі ретінде Жетісу облысының "Robotek Grand Tournament 2023" чемпионатына қатысушылар арасында сауалнама қолданылды, бұл оқушыларға жоғары деңгейдегі тапсырмалармен де, олимпиадалық тапсырмалармен де зерттеу жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Мақалада орта сынып білім алушыларының математикалық және зерттеу дағдыларын дамытуда робототехникалық жарыстардың әсерін талдау нәтижелері ұсынылады. Жиналған мәліметтер негізінде робототехникалық жарыстарға қатысу білім алушылардың математикалық дағдыларын дамытуға оң әсер етеді және зерттеу белсенділігінің қалыптасуын ынталандырады деген қорытынды жасалды. Алынған нәтижелер оқушылардың жан-жақты және терең дамуын қамтамасыз ету және робототехника, ғылыми зерттеулер саласындағы мамандардың жаңа буынын даярлау мақсатында робототехника бойынша жарыстарға орта сынып оқушыларының қатысуының маңыздылығын көрсетеді.
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУҒА РОБОТОТЕХНИКА ЖАРЫСТАРЫНЫҢ ӘСЕРІ
Жарияланған December 2023
109
72
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Серикова, С. і Смагулов, Е. 2023. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУҒА РОБОТОТЕХНИКА ЖАРЫСТАРЫНЫҢ ӘСЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 84, 4 (Груд 2023), 130–139. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2023.84.4.013.