Мақалада жаратылыстану ғылыми білім беруде физиканың жаратылыстану ғылымдарымен пәнаралық байланысын жүзеге асырудың мәселелері қарастырылған. Жаратылыстану ғылыми білім беруде физиканың жаратылыстану ғылымдарымен пәнаралық байланысын жүзеге асырудың көкейкестілігі, маңызы, мақсаттары, тәсілдері және түрлері тағайындалған. Болашақ физика пәні мұғалімдерінің терең, кешенді, жинақталған білімдерін қалыптастырудың бірден бір жолы – оларды пәнаралық байланысты жүзеге асыруға дайындау екендігі көрсетілген. Пәнаралық байланысты әр түрлі ғылымдар байланысының оқу үдерісіндегі бейнесі ретінде түсіну керек. Ешқандай дара ғылым, маңызы мен даму дәрежесі қаншалықты үлкен болса да, әлем жайлы жалпылама, бір тұтас көзқарас қалыптастыра алмайды, ол тек оны қалыптастыруға өз үлесін қосады. Пәнаралық байланыс барлық пәндер мен ғылымдарды байланыстыратын көпір қызметін атқаратын болғандықтан, нақты ғылымдар мен әлемнің ғылыми бейнесін жетілдіруге зор мүмкіндіктер ашады. Яғни, пәнаралық байланыс ғылыми білімді нәтижелі дамытудың алғы шарты және жаңа нәтижелер іздеу мен оқу танымының әдісі болып, түлектер алдында әлемді танудың жолын ашады және ойлаудың концептуалдылығын қамтамасыз етеді.
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМИ БІЛІМ БЕРУДЕ ФИЗИКАНЫҢ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫМЕН ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Жарияланған June 2021
179
29
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Джумадиллаева, А. , Жұмаділлаев, Қ. , Джакупова, Ж. і Қозыбай, А. 2021. ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМИ БІЛІМ БЕРУДЕ ФИЗИКАНЫҢ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫМЕН ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 69, 1 (Чер 2021), 190–193.